Тараз қ, Сүлейменов көш, 7
+7(7262) 34-34-34
Дүй-Жұм. 09.00 - 18.00

Басты бетhornavФонд туралы

Фонд туралы

Эндаумент-Қор қызметінің мақсаты нысаналы капиталды қалыптастыру, білім, ғылым және әлеуметтік көмек (қолдау) саласында нысаналы капиталдан түсетін табысты пайдалану болып табылады.

Эндаумент-Қор қызметінің бағыттары:

- нысаналы капиталды қалыптастыру, білім және ғылым, әлеуметтік көмек (қолдау)саласында нысаналы капиталдан түсетін табысты пайдалану үшін ақша қаражатын тартуға бағытталған қызмет;

- ерікті мүліктік жарналар мен қайырымдылықтарды тартуға және аталған тартылған қаражатты университет пен университет мүддесі үшін өткізілетін қоғамдық игіліктерге қол жеткізуге бағытталған бағдарламаларды қолдау және іске асыруға жәрдемдесу мақсатында Білім және ғылым саласында қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге пайдалануға бағытталған қызмет;

-аз қамтылған отбасылардан шыққан Университет студенттерін, жетім студенттерді, шығармашылық дарынды студенттерді атаулы стипендиялар беру және оларды оқытуға байланысты немесе қоғамдық жұмыстарға, түрлі шығармашылық конкурстарға, спорттық жетістіктерге қатысқаны үшін өзге де көмек беру арқылы материалдық қолдауға мұқтаж студенттерді оқытуға жәрдемдесу;

- экономиканы дамытудың және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу кезінде көмек көрсетудің перспективалық бағыттары бойынша жұмыс істейтін университеттің жас ғалымдарына материалдық көмек көрсету, сондай-ақ енгізілуі Қазақстан Республикасының дамуы үшін елеулі пайда әкелетін аса маңызды ғылыми тақырыптарды қаржыландыру;

- студенттердің әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін дамыту үшін университеттің тұрғын және тұрғын емес ғимараттарында материалдық-техникалық базаны нығайтуға жәрдемдесу.

Эндаумент қоры-университетті қолдау және оны ұзақ мерзімді перспективада дамыту үшін құрылған қаржы құралы. Қорда сақталатын қаражат инвестицияланады және стипендиялық бағдарламалар, ғылыми зерттеулер, жаңа технологиялар құру және т.б. сияқты университет жобаларын қаржыландыруға жұмсалатын табыс әкеледі. Эндаумент Қорының арқасында университет талантты студенттер мен ғалымдарды тарта алады, зерттеулер жүргізе алады және инновациялық жобалар жасай алады, бұл оның беделі мен табысына ықпал етеді.